понедельник, 22 декабря 2014 г.

"Жыр жұлдызы жарқырайды" әдеби кеш



«Жыр жұлдызы жарқырайды»

 «Оқитын өлке» акциясы аясында Бөгетсай ауылының кітапханасында Сағи Жиенбаевтың жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларын насихаттау мақсатында «Жыр жұлдызы жарқырайды» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш барысында ақын Сағи Жиенбаевтың өмірімен, ақын шығармаларының идеялық көркемдік мазмұны туралы қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі Айгүл Құлтаспаева таныстырып өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Көркемөнерпаздар мүшелері ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, ақын туралы естеліктер айтты. Кітапханашы Жамиля Бремжарова «Өлең өрнегінің шебері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.



среда, 12 ноября 2014 г.

Біз туралы

    Хромтау  аудандық  кітапханасының  қолдауы  және  көмегімен   «Талантымен танылған тұлғалар»  атты блог ашып толықтырудамыз,  осылайша ақын мен жазушының  мәртебесін  өсіріп, аруағын  ардақтаудың  өнегесін көрсетуде өз үлесімізді қосып отырмыз.

                                                                                                               ТОЛЫҒЫРАҚ

вторник, 11 ноября 2014 г.

Сағи Жиенбаев "Ойнар едім"

  
Ойнар едім күнімен,
Ойнар едім түнімен,
Құлдыр-құлдыр құлынмен,
                                      Ұзын тұмсық піліммен.                                                             
                     Салпан құлақ күшікпен,
Сақалы жоқ мысықпен.



Тікенекті кірпімен,
                     Тілі сүйрік түлкімен

Тағы, тағы, тағы мен
Ойнар едім бәрімен.
Ойнар едім күнімен,
Ойнар едім түнімен.


Апам маған әрдәйым:
-Қөп ойнама сен,-дейді.
Өзімнің де апамды
Мазалағым келмейді.

понедельник, 10 ноября 2014 г.

Сағи Жиенбаев "Ракета"


      



           Ұшып келем;
                   ұшып келем
                           көгімде,
Үшып келем,
Мөлдір аспан төрінде,
Көкте жүріп қызығамын
Жердегі ~—
Сонау, сонау өзім ұшқан өңірге,

                        
Анау менің
Асу-асу белдерім.
  Асқар-ала тауларым мен
Көлдерім.
Туған жерден қанша
Биік ұшсам да,
Көз алдымда
           Тұрады ылғи ол менің.