четверг, 22 мая 2014 г.

Құрметті әдебиет сүйер қауым!


  Биылғы жылы сарапқа салынған бірнеше шығармалардың ішінен оза шыққан жерлес жазушымыз Тобық  Жармағамбетовтың шығармалары оқуға ұсынылды. 
   Талғампаз оқырман қауымның рухани қажетін өтеп, ойына орнығатындай тамаша туынды жазу үшін қаламгерге үлкен дайындықпен бірге жалынды жүрек керек. Уақыт сынынан өтетін ондай шуақты шығарма ойы терең, қиялы ұшқыр, құлашы кең, жаны жомарт нағыз сөз зергерінің қолынан келеді. Осындай жазушымыздың бірі – Тобық Жармағамбетов.
   Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік, шын талантымен шырқау көкке көтерілген Тобық Жармағамбетовтың шығармаларын күллі оқырман қауымға жеткізу кітапханашылардың міндеті. Ендеше оқырман қауым Сіздерді артына өлместей мұра қалдырған Тобық шығармаларын оқуға шақырамыз.