понедельник, 22 декабря 2014 г.

"Жыр жұлдызы жарқырайды" әдеби кеш



«Жыр жұлдызы жарқырайды»

 «Оқитын өлке» акциясы аясында Бөгетсай ауылының кітапханасында Сағи Жиенбаевтың жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларын насихаттау мақсатында «Жыр жұлдызы жарқырайды» атты әдеби кеш өткізілді. Әдеби кеш барысында ақын Сағи Жиенбаевтың өмірімен, ақын шығармаларының идеялық көркемдік мазмұны туралы қазақ тілі мен әдебиет  пәнінің мұғалімі Айгүл Құлтаспаева таныстырып өтті. Оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Көркемөнерпаздар мүшелері ақын өлеңдеріне жазылған әндерді орындап, ақын туралы естеліктер айтты. Кітапханашы Жамиля Бремжарова «Өлең өрнегінің шебері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.



Комментариев нет:

Отправить комментарий